Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда шаңғыдан алғаш рет жарыс өтті

Қазалыда шаңғыдан алғаш рет жарыс өттіАудан әкімінің бұқаралық спортты дамытудағы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан ассамблясының 20 жылдығына арналған, аудан тұрғындары арасында қысқы спорт түрлеріне тарту мақсатында шаралар өтуде. 
Соның бірі – Қазалы қаласында өткізілген бүгінгі шаңғы тебу сайысы. Салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс «Шағала» тынығу лагерінде өтті. Сайысқа Әйтеке би кентінен және Қазалы қаласы тұрғындары қатысып, шеберліктерін шыңдады. 
Жарыс қортындысында, Өтепбергенов Алтынбек ІІІ – орынды жеңіп алды, ІІ – орынды Ысқақов Дархан иеленсе, Жарыс жеңімпазы болып Медетов Құдайберген танылды. Жалпы аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінен эстафеталық жарыстар, қар үстіндегі спорттық ойындар, т.б. өз деңгейлерінде өткізілуде. Ал шаңғы тебуден сайыс өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Мұндай спорттық сайыстар ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен өткізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: