Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданында кәсіпкерлер саны артты

Қазалы ауданында жыл басынан бері қыркүйек айына дейін тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 22,5 процентке ұлғайды.
Яғни сегіз ай ішінде қазалылық кәсіпкерлердің саны 1 026 адамға артты. Бүгінде тіршілігі қызу қайнаған Қазалыда 309 заңды тұлға, 3297 жеке кәсіпкер, 1970 шаруа қожалығы тіркелген. Саладағы даму динамикасы айрықша байқалады десек артық айтқандық емес.
Жылдың аяқталуына әлі бірнеше ай бар екенін ескерсек, шағын және орта бизнесмендердің саны 338-ге артқаны көңілге медеу. Дәл осы сәтте нәтижелі жұмыс жасап тұрған кәсіпкелер үлесі 27,8 процентке өсті. Бұл дегеніміз 5 300 адамға жуық. Соған сай белсенділік көрсеткіші 94,6 процентті құрап отырғанын қуана хабарлауға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: