Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік салдарынан 26 кәсіпкерлік нысанға зиян келген

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 26 кәсіпкерлік нысанға зиян келген.


Қызылорда облысында зардап келген кәсіпкерлік нысандар саны 26-ға жетті. Бұл жөнінде жергілікті бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасы, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласқан. Оларға келген шығынның жалпы сомасы 395,4 млн теңге шамасында.
«Айта кетсек, Қызылорда қаласында орналасқан «Компас», «Sinooil», «ГазЭнерджи» жанар-жағар май бекеттеріне, «Сұлтан», «Фристайл», «Бірлік», «Аль-асад» сауда үйлері ғимараттарына, төлем терминалдарына, «М-Ломбард» нысанына залал келтірілген. Бұл орындарда азық-түлік, алтын бұйымдар, ақша тонау деректері тіркелген. Әзірге келтірілген залалдың нақты көлемін айту қиын. Дегенмен кәсіпкерлердің өтінішін алдын ала есептесек, залалдың жалпы сомасы 395,4 млн теңгені құрайды», - дейді Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Ведомство мәліметінше, шығындар әлі де есептелуде. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін кәсіпкерлерден толық ақпарат алынады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: