Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында қаруды заңсыз сақтағандар анықталды

Қызылорда облысында қаруды заңсыз сақтағандар анықталды. 


Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үш атыс қаруы тәркіленді.
Облыс орталығында 358 жалдамалы пәтер тексерілді. Мысалы, 17 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен қызмет атқару барысында 37 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, екі ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды. 
Осы тектес дерек 18 қаңтарда Сырдария ауданында орын алды. Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкері 53 жастағы аудан тұрғынының фазендасын тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, “ИЖ” маркалы аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған. 
Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: