Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Қызылорда ОІІД  ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған
байқауға    

 
«Берік отбасы -есірткіден алыс!» отбасылық эссе жазу сайысына отбасының ақпарат парағы 

Көкеновтер отбасы
1. Көкенов Убайдулла  -  әкесі
2. Бекетова  Бақыт     -  анасы
3. Манап  Назерке    - әпкесі
4. Манап  Сырым  -  ағасы

Оқу орнының мекен жайы  Ж. Көпешұлы № 05
№ 160 орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Манап ауылы,
П. Керімқұлұлы көшесі үй № 21
2022 жыл.  27 қаңтар.



Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жастардың есірткіге тәуелді болуы. Мен есірткінің зияны жайында ой қозғауды жөн көрдім. 
Тарихқа көзс алып көрсек, елдің есін алатын есірткі жайындағы ұғым біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл бұрын Қытай жерінде пайда болған деседі. Қытайлықтар оны әртүрлі аурудан адамдарды аман алып қалу үшін пайдаланған көрінеді. Кейіннен оның адамдарды өзіне тәуелді ететіні анықталған. 
Қазір әлемде оған тәуелді адамдар аз емес. Ондай келеңсіз көріністен Қазақстан да сырт қала алмайды. Біздің елімізде де есірткіні пайдаланатын адамдардың қатары аз емес. Білуімізше, оны қолданушылар қатарында жасөспірімдер, яғни кәмелет жасқа толмаған балалар бар екені ойлантады. Әдетте, жасөспірімдер еліктегіш келетіні белгілі ғой. 
Алғашқыда олар жай ғана дәмін көремін деген мақсатта пайдаланады. Кейіннен оған тәуелді болып қалғанын өздері де байқамай қалады. 
Қазір нашақорлық – жер-жаһанды жайлаған індет. Оған құмарлық жанның да тәннің де құлдырауына әкеліп соғады. Есірткіні пайдаланатын адам жақынынан, досынан, туысынан бойыг аулақ ұстайды. Өзін де, өзгені де бақытсыздыққа душар етеді. Денсаулығы күн санап нашарлай береді. Есірткіден қанша жерден айрылғысы келсе де құтыла алмайтын дәрежеге жетеді. Оған тәуелді болып қалады.  
Құрметті оқушылар, сондықтан әлемді жайлаған мұндай жаман әдеттен аулақ болайық.  Өміріміз – өзіміздің қолымызда екенін ешқашан ұмытпайық. Өмірімізді жақсартатын да, жақсылыққа бастайтын да өзіміз. Ойланайық! 

Ақнұр Манап,
№160 орта мектептің 10 сынып оқушысы

Манап ауылы
Жаңақорған ауданы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: