Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада көшеде 21 жастағы азаматтан тіркелмеген мылтық тәркіленді

Қызылорда қаласында полицейлер көшеде 21 жастағы азаматтан тіркелмеген мылтықты тәркіледі.
Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында № 12 учаскелік полиция қызметкері С.Мырзахожаев 21 жастағы тұрғында тіркелмеген қаруды бар екенін анықтады.
«Тексеру барысында ол азаматтың 16 калибрлі, қос ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені нақтыланды. Қару ішкі істер органдарында тіркелмеген. Аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған дерек бойынша ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 482-бабының 1-бөлігі сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: