Шиеліде мал қорадан жылқы ұрлаған екі алам ұсталды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне 53 жастағы ауыл тұрғыны үйіндегі мал қорасынан 1 бас жылқысы ұрланғандығы туралы шағым түсірді.
Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде залал келтірілген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ зат алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.