Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елде қант тапшылығы жоқ - Cауда министрлігі

Елде қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: