Сыр өңірінде «InnoFest» Qyzylorda фестивалі өтеді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла хабарлады.
Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен 2022 жылдың 17-18 желтоқсан күндері «InnoFest» Qyzylorda фестивалін өткізу жоспарлануда. «InnoFest» Qyzylorda шарасының мақсаты – 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін «SmartCity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағыттары бойынша инновациялық жобаларды жасау.