Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Суицид және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

Облыс әкімінің орынбасары Н.А.Сақтағановтың төрағалығымен суицидтің және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті.


Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының басшылары, мектеп және колледж директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психолог мамандар қатысты.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің, зорлық-зомбылықтың пен ерте жүктіліктің, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша мәселелер қаралды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М. Мырзанова жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын алу, өмірге құштарлықты арттыру, өмірде кездесетін қиындықтар мен стрестік жағдайлар, психиканың бұзылуы, жалғыздық кезінде қиындықтардан шығу жолдары бойынша баяндама жасады.
Мұнан соң облыстық білім басқармасының басшысы М. Шермағанбет суицидтің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағарту-профилактикалық шараларды және тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту бойынша нақты ұсыныстар білдірді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Б. Молдабеков өткен жыл көлемінде кәмелетке толмаған жасөсіпірімдермен жасалған құқық бұзушылықтар барысын баяндап, оның алдын алу және жол бермеу бойынша салалық басқармалармен іс-шараларды бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында басқарма басшысы М. Шермағанбет мектеп және колледж директорларына білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбие, құқықтық тәрбие беруді күшейтіп, ата-аналармен тығыз байланысты орнатуды, алдын алу және болдырмауды тапсырды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейтуді, үнемі талдау жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары бойынша білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен мәжіліс болып өтті.
Шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша мәселелер қаралды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: