Аралда сауда үйіне ұрлыққа түскен жасөспірім ұсталды
Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 6 қаңтарда сағат 15:00 шамасында белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөреде ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.
Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті 17 жастағы аудан тұрғыны анықталып ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 3-тармағымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2 бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.