Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өңірдің энергетика саласын дамыту жобалары талқыланды

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің энергетика саласын дамытуға арналған жобаларды талқылаудың нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов және Қызылорда электр тарату компаниясының басшысы Батыржан Қаракөзовке бірқатар тапсырмалар берді.


Қызылорда облысы бойынша «КРЭК» АҚ теңгерімінде 10 мың шақырымнан астам электр желілері мен 1800-ге жуық қосалқы трансформаторлық станциялар бар. Бүгінгі таңда осы электр қондырғыларының 68 пайызының тозығы жеткен. Алдын ала есептемелер бойынша электр жүйелерінің тозу деңгейін 68 пайыздан 30 пайызға төмендету үшін 153 млрд.теңге қаржы қажет. Бұл мәселе облыс әкімі тарапынан Үкімет басшысының назарына жеткізіліп, қолдау тапты. 
Айта кетейік, республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жаңа жылу электр орталығы салынбақ. Алғашқысы - Сыр елінде бастау алды. Өңір үшін ғана емес республикаға маңызды бұл жобаның құны 215 млрд.теңге. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Бұл Тәуелсіздік алған жылдары елімізде бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни шетелдік инвесторлардың есебінен іске асырылатын ең ауқымды теңдессіз жоба.
Еске салсақ, биыл Қызылорда қаласында электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы республикалық бюджеттің бірінші нақтылауына құны 19,4 млрд.теңгені құрайтын электрмен жабдықтауға бағытталған 46 жобаның бюджеттік өтінімдері ұсынылды.
Айта кетейік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: