Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аялдама жанында басынан жарақат алып құлап қалған адам құтқарылды

10 ақпанда сағат 11.30-да Қызылорда қаласы, Бегім ана көшесінің бойында аялдама тұсында белгісіз азамат басынан жарақат алып құлап қалған. 

Оны Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері О.Тұрсынбаев пен С.Жанайдархан байқап қалды. Жедел қасына барып, алғашқы көмек көрсеттті. Мән-жағдайды анықтап, 112 диспетчеріне тез арада хабарлама берді. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртылып, медицина қызметкерлеріне дәрігерлік көмек көрсету үшін тапсырылды. Қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында  азамат  тез арада уақтылы ауруханаға жеткізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: