Қызылордада кассада тұрған 250 мың теңгені ұрлап кетті
Қызылорда қаласы аумағындағы ірі сауда үйлерінің бірінде ұрлық дерегі тіркелді.
Жәбірленуші өзіне тиесілі дүкенінде сауда жасап тұрғанында ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, кассада тұрған 250.000 теңге көлемінде ақшасын ұрлап кеткен.
Ұрлық дерегі бойынша полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 38 жастағы күдікті азаматша тәртіп сақшыларының қолына түсті.