Шиелі аудандық пробация есебіндегі Ә. есімді азамат Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан наиб имамның ұялы телефонын жасырын жымқырған полиция қызметкерлерімен ұсталып,Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188- бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.
Аудандық пробация қызметіне алынған соң, пробация инспекторлары оған жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр. «Қазіргі таңда кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік отбасымның қасымдамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарын бағынып жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек», - деді есептегі азамат.Қазіргі таңда күнделікті мәжбүрлі еңбегімен тұрғын үй жайынан тексерілді, - дейді Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторы Ержан Акбар.