Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЕКСЕУІЛДЕ «АЛМА РАЙ» ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

СЕКСЕУІЛДЕ «АЛМА РАЙ» ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

 

Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде жеке «Алма Рай» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.
Балабақша құрылысы 2014 жылы басталып, міне, бүгін барша балаларға есігін айқара ашуда. Кент тұрғындарын зор қуанышқа бөлеген жаңа балабақша ғимаратының ашылу рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев, жазушы Атабай Қылышбаев, ақын Сансызбай Құттыбаев, Қазақстанның Индонезиядағы елшісінің кеңесшісі Мұрсал Наби Тұяқбаев, Жамбыл облысы бойынша жекпе-жек федерациясының төрағасы Жетпісбай Медеуов арнайы келіп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Бөбектердің игілігі үшін салтанатпен ашылған шарада Аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаев сөз алып, ізгі бастамаға мұрындық болып, кәсіптің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, халық игілігіне ұсынып отырған мердігер Жанарыс Еңсепов пен Алмагүл Еңсеповаға аудан тұрғындарының атынан алғысын білдірді. Жалпы балабақша 3-6 жас аралығын қамтитын 160 орынды, заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: