Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАЛЫҚ ПАРКТІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП


Қызылордалық тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлайтын қалалық мәдени-демалыс паркі бүгінде кезекті маусымдық ашылу салтанатына қызу дайындық үстінде.
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында жергілікті басшылық пен «Aquacrystal Group» ЖШС-мен бірлесе әзірленген саябақтың жаңа тұжырымдамасы бойынша бұл орын биылғы маусымнан бастап «Шылымсыз және ішімдіксіз аймақ» идеясымен жұмыс жасайды. Парк аумағында полиция бекеті, ана мен бала бөлмелері, медпункт, анықтама бюросы мен жүк қоймасы іске қосылмақ. Сондай-ақ, мұнда ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін этноауыл есігін айқара ашып, келушілер халқымыздың бай мұраларын тамашалуға мүмкіндік алмақ.
– Парк 2008 жылы мемлекет меншігіне қайтарылып, қаланың коммуналдық теңгеріміне өтті. Содан бері бұл аумақта жаңа аттракциондар, сауда қатарлары, балалардың түрлі ойын алаңқайлары жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мұнда 80-ге жуық кәсіпкер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сонымен қатар, биыл отбасылық үлгідегі жаңадан 3 аттракцион әкелініп, жануарлар бағы мен қуыршақ театры іске қосылмақ, – дейді қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры Әнуар Нақып.
Жеке кәсіпкердің демеушілігімен ашылатын хайуанаттар бағына үй қояндары, теңіз тасбақалары, кірпі, тиын, павлин, тауық балапандары, ешкі лағы сынды 30-ға жуық жануар түрі алынбақ. Оның ерекшелегі сол – балалар оларды қолына ұстап, тамашалуға мүмкіндігі бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: