Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында семинар  ұйымдастырылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қызылорда облысы дін істері басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 5-6 қазан аралығында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында дін мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық-түсіндіру  тобы мүшелеріне арналған 2 күндік «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында оқыту семинары  ұйымдастырылды.


Оқыту семинарына республикалық ақпараттық-түсіндіру  тобы мүшелері Шымкент қаласының «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог Д.Оспанов, Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің оқытушысы, дінтану доценті, философия докторы (PhD) Т.Абылов, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, психология маманы, сарапшы Л.Шакимова, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев атындағы орталығы» КеАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры, әлеуметтану ғ.к. Т.Жақиянов, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. 
Аталған шараға дін мәселелері бойынша Қызылорда қаласы және аудандардағы ақпараттық-түсіндіру тобының 100-ден астам мүшелері, атап айтқанда теолог, психолог мамандар, мешіт қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері т.б. мамандар қатысты. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: