Сәлем оқырмандар. Мен өзімнің арманымнан бас тартып, басқа мамандықты оқып жатқаным жайлы айтайын. Бұл оқиға меніңше мектеп бітіретін жас түлектерге, мен секілді мамандықты бірден ауыстырған студенттерге қызық деп ойлаймын.
Мен 11сыныпқа көшкен уақытта ата-анам сен мұғалім бол, қызға жарасатын өлмейтін мамандық деп үгітеген болатын, ал мен әртіс болам үлкен сахнаға шығамын деп армандадым. Бірақ әкем қарсы болғандықтан, мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі болуды шештім. Солай ҰБТ-ға дайындалып сол пәндерді тапсырдым. Өзім қаламағандықтан аз балл алып, грантқа үміткер бола алмайтынымды түсіндім.
Сол уақытта өзіме сұрақ қоя бастадым “егер мен грантқа түспесем, егер маған ұнамайтын мамандық болса не үшін түсуім керек?” Осы сұрақпен өзімде іштей қынжылу болды. Сосын ойлана келе грантқа түсу жолдарын қарастырып жүргенде ойыма бірден журналистика мамандығы түсті. Мен жинаған балл жету керек деп ойлағансын бірден үйдегілерге айттым. Оларға ұсынысым ұнады, іштей өзім қуандым, бұл шығармашылық жолыма деген бір қадам болғанына.
Жаз айы университеттер грантқа түсетін абитуриенттерді қабылдап жатқан уақыт еді. Әкем екеуміз бар құжатта реттеп, Журналитстиканың отаны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, енді көліктен түскелі жатқанда, әкемнің телефонына қоңырау түсті. Қоңырау шалған әпкем екен, ол қазіргі таңда журналистика саласының түрі көп екеннін айтып түсіндіріп жатты.
Ол кісінің "бір университет туралы естідім, Халықаралық диплом аласың және ол жерде қазіргі дамып жатқан цифрлық, бизнес журналистикасын оқуға да мүмкіндік бар" деп айтты.
Шығармашылық ҰБТ тапсырғанның қиындығы абитуриенттер тек ғана бір оқу орнына ғана құжатты тапсыра алуыңда. Сол кезде мен бірден интернеттен әпкем айтқан университетті қарадым, маған мекеме жайлы пікірлер мен рейтингтер ұнады. Әкеме "кеттік, сол университетке барайықшы" дедім. Солай біз Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне келдік.
Ішке кіргенде бірден жылы жүзді ұстаздарды көріп, сол кісілерге құжаттарды тапсырдық. Осылайша мен сол университеттің “Журналистика және репортер ісі” мамандығына грантқа түстім. Басында университетте оқу қиын болды. Себебі бұл жерде 3 тілде сабақтар өтеді. Бірақ уақыт өте келе қазір осы жоғарғы оқуын таңдағаныма өкінбеймін. Себебі бұл жерде 70% практикамен оқытады, сонымен қатар 1курстан бастап әр түрлі студияларға апарып білімізді шыңдады.
Сіздерге осы хикая арқылы айтқым келетіні барлық нәрсе өз уақытымен болады. Егер сіз бала кезден танымал адам боламын, шығармашылық жолда ғана өзімді көремін десеңіз, еш мойымаңыз бәрі де өз уақытымен орындалады.
Томирис Абдықадыр,
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті