Қызылордалық полицейлер: Алаяқтардан абай болыңыздар!
Бүгінде алаяқтарға алданып, сан соғып қалып жатқан адамдар саны аз емес. Техника дамыған кезеңде, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндердің саны көбейген. Олар қарапайым ұялы телефонмен де өздерінің теріс әрекеттерін іске асыруда.
«Осы тұрғыда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында халық көп шоғырланатын жерлерге интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігін түсіндіріп, үндеу парақшаларын таратты.
Сондықтан полицейлер әрбір тұрғынға ескертеді: Онлайн арқылы несие алу, әлеуметтік желілердегі түрлі тауарларды және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда да мұқият болыңыз. Алдын ала төлем жасамаңыз!
Ең бастысы ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз! Осы айтылған кеңестерді есте сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармай, әрдайым ұстанғанда ғана Сіз, алаяқтардың өзіңізді алдауына жол бермейтін боласыз!», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.