Сыр жұртшылығын облыстық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.
- Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді Ұлық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын!
Биыл ғасырлар бойы аңсаған азат ел атанғанымызға 33 жыл толып отыр. Бұл Еуразия жүрегінде, өркениет тоғысында орналасып, құшағына талай ұлт пен ұлысты сыйдырған ел үшін аз уақыт емес.
Тәуелсіз ел атану — зор мәртебе, сонымен қатар, әрбірімізге орасан зор жауапкершілік жүгін артады. Ел ертеңіне деген жауапкершілікті әрбіріміз тереңнен сезіне білгенде ғана ынтымағымыз ырысты, бағымыз баянды болмақ.
Осынау мерейлі шақта, барша азаматқа еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жасап жатқан еңбегіне табыс тілеймін!