Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Инвестицияның игілігі зор

Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Нысан халықаралық талаптарға сай келеді, жолаушылардың ұшып-қонуына және аялдауына барлық жағдай жасалған. Жаңа терминалда жылына 2 млн жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар.


Басқарманың хабарлауынша, экономиканы әртараптандыру мақсатында 2025-2028 жылдары аймақта құны 2 трлн теңгеге жуық 89 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Жаңа жобалар 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Оның ішінде биыл 302,5 млрд теңге қаржы есебінен 27 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы – түрік инвесторы «Aksa Energy» компаниясы салып жатқан 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы. Құны – 215 млрд теңге. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа станция іске қосылғанда облыс орталығын жылумен, өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін (60 МВт) өзге аймақтарға сатуға болады. Салыстыру үшін айтайық, ескі жылу-электр орталығы 67 МВт электр өндірсе, жаңасының қуаттылығы бұдан 3 еседен де асып түседі деген болжам бар.
– Заманауи кірпіш зауыты (5 млрд теңге) жергілікті құрылыс индустриясының кірпіш өнімдеріне қажеттілігінің 90 пайызын қамтамасыз етпек. Қуаттылығы жылына 1,1 млн тонна қиыршық тас шығаруға жететін (17,3 млрд теңге), 720 мың шаршы метр айна шығаратын (1,5 млрд теңге) өндірістер іске қосылады. Машина құрастыру саласында «Марал Нұр» серіктестігінің жылына жолаушыларға арналған 740 вагон жөндеу кешені (құны – 15,4 млрд теңге, І кезең – 5,4 млрд теңге), қызмет көрсету саласында жылына 3,5 мың адамды қабылдайтын түрік инвесторының «Oрхун Медикал» медицина орталығы (5 млрд теңге) іске қосылады. Азық-түлік өнеркәсібінде – нан-тоқаш, кондитер және макарон өнімдерін өндіру кешені, өнімі экспортқа бағытталған түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, екі шағын өнеркәсіптік аймақ (ЖК «Тұмар», «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС) бар. Түйе сүтінен әзірленген құрғақ ұнтақ өнімдер Қытай компаниясымен жасалған оффтейк келісіміне сәйкес (10 жылға – 188,1 млн АҚШ доллары) толығымен Қытайға экспортталады. Бұдан бөлек, бүгінгі күні Қытай технологиясымен жұмыс істейтін цемент зауытын жобалау (40,5 млрд теңге) басталды. Сонымен қатар осы жылы құны 553,6 млрд теңгені құрайтын 14 жобаның құрылысы басталады. Олар – кальцийленген сода зауыты (146,4 млрд теңге), «Шалқия» кен байыту фабрикасы (215 млрд теңге), көкөніс пен жеміс сақтау, алма шырынын шығару кешені (2,5 млрд теңге) және 150 орынға арналған «Rixos» қонақ үйі (құны – 7 млрд теңге). Оның ішінде кореялық «Уиз Ю» компаниясы наурыз айында тұрмыстық қатты қалдық өңдейтін зауыттың бірінші кезеңінің құрылысын бастады, – дейді Дәурен Әбілқайыров.
Зауыт қоқысты өртеу арқылы 20 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Жоба аясында өңірге 34,5 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Өнеркәсіпті дамыту қоры неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн шыны бөтелке шығаратын зауыт құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. 2026-2029 жылдары құны 1,6 трлн теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру, 7 мың жұмыс орнын құру көзделген. Мамандар географиялық орналасуы мен климаттық жағдайына байланысты аймақта күн мен жел энергиясын өндіруге мүмкіндік барын алға тартып отыр. Бүгінгі күні өңірде жалпы қуаттылығы 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді. Биыл жалпы қуаттылығы 90 МВт болатын 3 нысан іске қосылады. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары арта түспек. Мұндай жобалардың арқасында өңіріміз толығымен «жасыл энергетикаға» көше алады.
Алда жыл соңына дейін жоспарланған жобаларды іске қосу, биылға бекітілген 631,4 млрд теңге инвестиция және 280 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарын орындау міндеті тұр.
Осы орайда соңғы 3 жылдың оң тәжірибесі негізінде қала және аудан әкімдіктеріне меже бекітілді. Меже әдеттегідей толығымен орындалады, тіпті артығымен. Биыл 5 айда өңірге 229,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 27,1%-ды құрады (индикатордың орындалуы – 36,3 пайыз). Облыста инвестиция тарту бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолайлы климат қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Өңірге инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында шетелдік компания басшылары мен дипломатиялық өкілдердің облысқа жұмыс сапары, онлайн кездесулер ұдайы түрде ұйымдастырылып тұрады.
Қала әкімі Нұржан Ахатов халық қалаулыларына шаһарда атқарылып жатқан жобаларды айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– Ел Президентінің, Үкіметтің тұрақты қолдауымен, аймақ басшысының үйлестіруімен тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соған сай барлық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Жыл басында бюджет көлемі 73,1 млрд теңгемен бекітіліп, бүгінде ол 133,4 млрд теңгеге ұлғайып отыр, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Шаһардың заманауи бейнесінде оң өзгеріс көп. Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 15,3 млрд теңге бөлініп, 50 көшеде жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары басталуда.
Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу құрылыстары, абаттандыру ісі қарқын алды. Санитарлық тазалық сақтауда жақсы үлгі қалыптасты. Жалпы, облыс орталығының серпіні барлық салаға өсім беріп отыр.
Шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлер саны 35 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті. Мемлекеттік қолдау аясында 4,5 млрд теңге болатын 127 жоба қолдау алды. Биылғы жылы негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 323,7 млрд теңге болып белгіленді. Бұл 2024 жылғы нақты көрсеткіштен 12,2 пайызға артық.
Жыл басынан бері 84,6 млрд теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспардың 26,1%-ы орындалды.
Сессия отырысында «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндамашылардың ұсыныстары депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы экономикалық аймақты cыртқы және ішкі инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі зерттеп, инфрақұрылым жеткізу мәселесін заң аясында зерделеңіздер.
Қазіргі таңда елімізде шағын өнеркәсіптік аймақтарды салып, дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Көп жағдайда кәсіпкерлер өндіріс орнын ашу үшін стандартқа сәйкес келетін дайын ғимарат сұрайды. Облыстық экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары «Байқоңыр» корпорациясымен бірлесіп, шағын өнеркәсіптік аймақтарды салуға қажет қаражатты жергілікті бюджеттен тарту мәселесін қарастыру қажет.
Биыл аймақтың ауыл шаруашылығы саласына 86 млрд 400 млн теңге инвестиция тарту межесі бекітілген. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіруде негізгі капиталға салынған инвестиция 4 млрд 731 млн теңге болып, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26 пайызға артты. Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету үшін аймақтың агроөнеркәсіп кешенінде 2025-2027 жылдары іске асырылатын инвестиция¬лық жобалардың жол картасы бекітілді.
Сондай-ақ, «Қызылорда Саз-М» кірпіш зауытының директоры Нарбаев Еркебұлан зауытқа апаратын жолдың және сол маңдағы теміржол асты тесік көпір жолының мәселесін көтерді. «Орхун Медикал» медицина орталығының директоры Алмат Жұмабаев қала аумағынан стандартқа сай бос ғимарат сұрады. «Рем Пласт» қағаз және картон зауытының директоры Расул Жүсіпбеков инженерлік инфрақұрылымға қатысты, «Вигор Холдинг» жобасының құрылтайшысы Мөлдір Жақанова 20 мегаваттық күн-электр станциясын салудағы проблемаларды айтты. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғизат Әбілтай шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту жайындағы пікірін білдірді.
Айта кетейік, 2025 жылы өңірге 631,4 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Өткен 5 айдың қорытындысы бойынша 229,8 млрд теңге тартылып, өсім 27,1% болды. Оның 70%-ы – жеке инвестиция. Экономиканы әртараптандыруда 2025-2028 жылдары 89 инвестициялық жоба шеңберінде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 27 жоба жүзеге асады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: