Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сот арқылы баласымен кездесу уақытын белгіледі

Сот арқылы баласымен кездесу уақытын белгіледіҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық іс қаралды. 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметіне сүйенсек, онда талапкер Алиев жауапкер Алиевадан 2012  жылдың 8 маусымында дүниеге келген  Алиев Алиханмен айына  4  рет  әр  аптаның сенбі  күні сағат 10-00 ден жексенбі  күні  сағат 19-00 ге  дейін  баланы  өзіммен  бірге  қонуға  алып  кету  құқығымен  кездесу  уақытын  белгілеу туралы азаматтық ісі бойынша бітім келісімі бекітілді.
Нәтижесінде талапкер ұлы Алиханмен айына сегіз рет – әр  айдың  сенбі  және жексенбі күндері сағат 11:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін баланың анасы жауапкер Алиеваның қатысуымен  кездесу уақыты белгіленеді. Тараптардың бітімгершілік келісімін жасап, оны соттың бекітуіне байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізуі қысқартылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. /Аты-жөні өзгертілген/.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: