Қазалы қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы жас кәсіпкерлер мен аудан жастары кездесті.
Кездесуге қала әкімшілігі, аудандағы жас кәсіпкерлер мен студент жастар қатысты.
Ауданда жас кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әбиев Әліби ақпарат берді. Жас кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы Қазалы аудандық филиалының кеңесшісі Жолашов Асылхан хабарлама жасады.
Өз кәсібін бастауға ниет білдірген жастарға жеке кәсібі турасында пікір алмасқан жас кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов өз тәжірибесімен жиын барысында жастарды жігерлендірді. Сонымен бірге Қазалы қаласының жас кәсіпкері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту орталығынан несие алған 19 жасар Қалас Айсауле өзінің бастағалы тұрған кәсібі туралы айтып, мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерге деген қолдауы орасаң зор екендігін атап өтті.