Қызылордада қауіпті дерттің алдын алу шаралары бақылауда тұр
Бүгінгі таңда облыс бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндады.
"Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алу үшін санитарлық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіру жұмыстарына байланысты, облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық жабдықталып отыр. Қазіргі таңда провизорлық бағытта 100 төсек орын, карантиндік 850 төсек орын дайындалған",-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген барлық ҚР-ның азаматтары – 33. Облыстық инфекциялық ауруханада орналастырылғаны – 8 (Карантиндік стационар - 8), Байконыр ФМБА орналастырылғаны - 2 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Қалған – 23 азамат үй жағдайында бақылауда.
Ал I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген ҚР-ның азаматтарының саны – 54. Үй жағдайында карантинде – 48 азамат.Облыстық Инфекциялық аурухансына орналастырылғаны – 4 (карантиндік стационарда – 3, правизорлық стационарда - 1), Қазалы ауданаралық ауруханасына орналастырғаны – 2. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады.
Сонымен қатар, КВИ анықалған науқаспен қарым қатыснаста болған 3 ҚР азаматы бақылауға алынып, 2- еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, 1-еуі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның 1 – еуі Қазалының азаматы, 1 – еуі Қызылорда қаласының азаматы, 1 – еуі Шымкент қаласынан. Шымкет қаласының азаматшасын 24 наурыз күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған.Қазіргі таңда денсаулық жағдайы бір қалыпты. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады.
Сала мамандары күнделікті тазалық гигиенасын сақтап, денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауға шақырды.