Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалылық жастар жасағы ардагерлермен кездесті

«Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздарын қатыстыра отырып, Ұлы жеңіске 70 жыл толу мерекесіне орай аудан жастары Қазалы қаласындағы «Ұлы Отан» соғысының ардагері Бектұрғанов Қалеп ақсақалдың шаңырағында болды.

 

Қазалылық жастар жасағы ардагерлермен кездесті


Кездесу барысында «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Ахметов жастар атынан ақсақалдың мерекесімен құттықтап, арнайы дайындаған сыйлығын табыс етті. Өз кезегінде «Ұлы Отан» соғысының ардагері Қалеп ақсақал жастарға ақ батасын берді. 
Сонымен бірге «Ұлы Отан» соғысының ардагерлерінің отбасына барып үй шаруашылығына көмек беретін «Ерікті жастар» жасағы Бектұрғанов Қалеп ақсақалдың үйіне жаз айында өз көмектерін беретін болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: