Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығы ашылды

Ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығы ашылдыБүгін, 11 наурызда Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округінің  кітапханасында ауыл кәсіпкерлігін қолдау онлайн орталығының ашылу салтанаты өткізілді.     
Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлікті дамытуды қорғау мақсатында «Ауыл ақпараттық орталықтар құру» атты жоба іске асырылуда. Мемлекет  басшысы Н.Назарбаев: «2020 жылға қарай экономиканың 40 пайызға дейін шағын және орта бизнес есебінен өндірілуі тиіс» деген міндет қойды. Осы орайда, «Ақпараттық тренинг-ауыл кәсіпкерлігінің орталығы» жобасы өзінің өзектілігімен ерекшеленеді.
Бұл жобаға БҰҰ даму Бағдарламасы қолдау берген Жалағаш ауданының «Мәдениет», «Аққұм» ауылдық кітапханалары базасында іске асырылуда. Онлайн - орталықтардың жұмысына әдістемелік – практикалық басшылықты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы ұйымдастырды. Жобаға қатысушы ауыл кітапханалары жоба аясында компьютер, МФУ (көшіру техникасы / принтер/ копир/ сканер) және Интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
 Онлайн орталықтың ашылуына ауыл әкімі Төлегенов Темірбек, Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасының менеджері Баян Егізбаева өз құттықтауларын жолдап, ізгі тілектерін білдірді. 
Салтанаты шараға ауыл тұрғындар мен кәсіпкерлері және кітапхана оқырмандары қатысады. Шара барысында қатысушыларға жоба туралы толық ақпарат беріле отырып, арасында кітапханамыздың тұрақтары оқырмандары әннен шашу шашты. 




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: