Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақоған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Рүстемов Руслан Рүстемұлы тағайындалды.
Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. 
1997-2002 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 
2002-2010 жылдары – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары.
2010-2019 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған. 
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: