Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сирек кездесетін жануардың мүйізі үшін сотты болды

Сирек кездесетін жануардың мүйізі үшін сотты болдыАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339 бабы, 287 бабының 1 бөлігімен айыпталған Қ-ның қылмыстық ісі қаралды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы Қ. өзінің басқаруындағы «УАЗ 220629-33»  маркалы автокөлігімен Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылының солтүстік жағында 3-4 шақырым жерде «ОХОТЗОПРОМ» РМБ инспекторлары мен Арал аудандық ІІБ қызметкерлері тоқтатып тексеру барысында, автөкөлік ішінен  киік жануарының төрт дана мүйізі мен бір дана суық қаруға жататын қолдан жасалған пышақ табылып заттай дәлелдеме ретінде алынған. Яғни ол жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің дериваттарын заңсыз алып иемденіп, сақтап, тасымалдаған және суық қару болып саналатын пышақты өзінде заңсыз сақтап алып жүрген.
Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімімен оған түпкiлiктi 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: