Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияның су қоры едәуір азайған

Сырдарияның су қоры едәуір азайғанСоңғы үш жылда Қызылорда облысы арқылы өтетін Сырдария өзенінің су қоры едәуір азайып кеткен. Тіршілік нәрінің тапшылығын жою мақсатында сала мамандары суды аз қажет ететін дәнді дақылдарды егуге көшуді жөн санап отыр. 
Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС-ң жанындағы облыстық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіні су ресурстары Комитетінің су ресуртарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов мәлімдеді.
Сыр өңірі Сырдария өзенінің төменгі ағысында болғандықтан, жоғарыдағы көршілес елдерге қарайлайды. Ә.Қарлыхановтың айтуынша, өзеннің Қызылорда облысы төңірегінен 1281 шақырымы ғана өтіп, солтүстік Арал теңізіне құяды екен. Өткен жылдың басынан Көктөбе бекеті арқылы аймақ шекарасына келген су көлемі 16491 млн. текше метрді құрапты.
«Өңірде судың басты пайдаланушысы – суармалы егістік, егілетін басты дақыл - күріш. Өздеріңіз білетіндей, суды көп қажет ететін күріштің әр гектарына 20 мың текше метрден аса су керек. Сондықтан суды үнемдеу мақсатында жылдан-жылға күріш егістігінің көлемін азайтып, суды аз талап ететін дақылдарды егу және егістіктерді су үнемдеу тұрғысынан қайта құрылымдау әдістерін, суарудың суды үнемдеу технологиясын тамшылатып суаруды енгізген жөн», - дейді инспекция басшысы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: