ШИЕЛІ АУДАНЫ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірілген Шиелі ауданы жайлы деректі фильмнің тұсауы кесілді.
Аталмыш фильмде ежелгі Сырдың бойынан орын тепкен ауданның құрылу тарихымен бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері баяндалған. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы аудан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.
Ерте көктемде бастау алған алған фильм халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясы арқылы түсіріліп шығарылды. Ұзақтығы 60 минут болатын деректі фильм жуырда телеарналардан көрсетілетін болады.