Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ПСИХОЛОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №257 орта мектепте 5 –желтоқсан күні «Жасөспірімдердің денсаулығымен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында 8- сынып оқушыларымен «BiLim Foundation» қорының психологтары Сымбат Абдрахманова, Жұмагүл Баянова психологиялық тренингтер жүргізді.
Тренинг барысында оқушыларға жағымды қарым-қатынас жасау, өзін-өзі тану, мақсатқа жету, өз эмоцияларын басқара білу, көңіл-күйлерін көтеру, өздерінің психологиялық-эмоциялық жай-күйлерін қалай жақсартуға және стрестік жағдайларда қалай төзімділік танытуға болатыны жөнінде ақыл-кеңестер айтып, түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар арқылы жолдарын көрсетті.
Оқушыларға «Мен жұлдызбын», «Менің арманым», «Алтын балық», «Мені әлем не үшін жақсы көреді», «7 шырақ » жаттығулары ерекше ұнап, жаттығулар барысында оқушылар белсенділік көрсетіп, өз эмоцияларын ерекше танытып отырды. Тренингтердің рефлексиясы кезінде оқушылар өздерінің тренингтен алған әсерлерімен, түйіндеген ойларымен бөлісті.
Мектеп директоры Б.Ибраев «BiLim Foundation» қорының психологтарына мектеп ұжымы атынан алғыс білдіріп, алдыңғы уақытта да осындай іс-шараларды өткізу жоспарлы түрде қолға алынып, «BiLim Foundation» қорының мамандарымен тығыз байланыс жасауға мүдделі екендіктерін айтты. Әсерлі кездесу оқушылардың сұрақтарына жауап берілу мен жеке ақыл-кеңестер алумен қорытындыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: