Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Суицидтің алдын қалай алуға болады?

Суицидтің алдын қалай алуға болады?Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары қызметкерлердің өз-өзіне қол жұмсауға қарсы шаралар мақсатында тестілеу, сауалнамалар жүргізіліп, күйзелістің алдын алуға бағытталған тренингтер жүргізілуде. 
Қызылорда облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің  бас маман -психологі Д.Имированың айтуынша, кәсіби оқу сабағында «өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Сабақ барысында жеке құрамға өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғалардың белгілері жайында, қайғылы жағдайды болдырмау, алдын-алу жолдары түсіндірілді және де жадынамалар таратылды. 
Психологтар жұмысының келесі бағыты - қызметкерлердің  жұмыста пайда болған психологиялық проблемаларының алдын алу және түзету. Психология саласының басым бағыты - кәсіби психологиялық таңдау, диагностика, психологиялық дайындық және алдын алу. Алайда, біздің құтқарушыларымыз өз қызметтерінде күнделікті әр-түрлі психологиялық проблемалармен кездеседі. Осыған байланысты оларға психологтың жеке сұхбатын және түзету шараларды жүргізу қажет ету мүмкін. 
Психологиялық түзету әр түрлі нысандарда өткізілу мүмкін. Бағдарламалар диагностикалық зерттеудің нәтижесімен жеке түрде құрастырылады. Түзету шаралары  психологпен жеке сұхбаттасу және топтық тренингтер  түрінде өткізіледі.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: