Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін ашты

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін аштыҚызылордалық полицейлер рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында ізін суытпай тағы бір мал ұрлығы қылмысының бетін ашты. Бұл жайында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.  
2015 жылдың 26 ақпан күні кешкі сағат 22:50 шамасында Қызылорда ОІІД-нің қызметкерлері облыс орталығының аумағында «Камаз» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында Арал ауданының 1985 ж.т. және 1978 ж.т. тұрғындары құжатсыз 15 бас жылқы малын тасымалдап бара жатқандығын анықтады.
Алдын ала тергеу барысында күдіктілер 15 бас жылқының 11  жылқысын Арал ауданына қарасты жайылымнан ұрлап, қалған 4 жылқыны сатып алғандықтарын айтқан. Сонымен қатар, олар ұрланған малдарды Қызылорда қаласына тасымалдап, 1976 ж.т. қала  тұрғынының  үйіне апарып, сол үйден сататындықтарын көрсеткен.    
Қазіргі таңда, жылқы малдары айғақ зат ретінде тәркіленіп, Арал АІІб-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3- бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, кажетті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 
Тәртіп сақшыларының қырағы жұмыстарының нәтижесінде барымташылар дер кезінде құрықталып, ауыл тұрғындарына келтірілетін 4 млн. теңгеге жуық шығынның алдын алынды. Жылқыларының ұрланғанынан бейхабар ауыл тұрғындарына малдардың тиесілі екендігі құжаттар негізінде дәлелденіп,  қолхат арқылы иелеріне қайтарылды. Полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болған мал егелері алғыстарын білдіріп, күзетті күшейту бағытында тиісті шаралар қабылдайтындықтарын жеткізді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: