Зұлмат жылдарда 320 қазалылық азамат қуғынға ұшырады
Тарихи дата 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Қазалы жұртшылығы тарихтың ақтаңдақ беттерін бір ақтарып өтті.
«Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты еске алу шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап - бұл күннің Қазақстан үшін ерекше маңызы бар екендігін жеткізді. Сол кездегі зұлматты көзбен көріп, бастан кешкен жандардың бірі – қазалылық ардагер Сражадин Өтеев. Бүгінгі шараға арнайы келген 83 жастағы ақсақал жас ұрпақтың сол қатігез күндерді көрмеуін тіледі. Шара барысында тарихшылар өткен ғасырдың алғашқы кезеңіндегі зұлмат заманға шолу жасады. Айта кетейік, солақай саясаттың кесірінен жазықсыз жазаға ұшыраған қазақстандықтардың арасында 320 қазалылық азамат бар.