Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отбасылық құндылықтар насихатталды

Отбасылық құндылықтар насихатталды"Нұр Отан” партиясы Шиелі аудандық филиалының ғимаратында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Мерейлі отбасы” атты кездесу болып өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша "Мәртебелі Қазақстан” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жиынға аудандық "Мерейлі отбасы” байқауына қатысушылар, "Алтын алқа”, "Күміс алқа” иегерлері, кәсіпкер қыз-келіншектер мен белсенді жастар қатысты. Кездесу барысында "Мәртебелі Қазақстан” қоғамдық қорының президенті Нұрсәуле Мұсаева аймақтағы демографиялық саясатты тілге тиек етіп, отбасылық құндылықтарды насихаттады. Шараға қатысушылар қозғалып отырған тақырып аясында өз ойларын айтты. Кездесу соңында "Мерейлі отбасы” аудандық байқауы ның жеңімпаздары мен "Алтын алқалы” аналар марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: