Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұлт жоспары жөнінде семинар өткізілді

Ұлт жоспары жөнінде семинар өткізілдіҚызылорда қалалық әкімдігінде «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Бұл жөнінде қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.  
Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлінің қатысты.
Семинарда Ұлт жоспарының 15 қадамы аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша нақты түсінік берілді. Атап айтқанд, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу,  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласына көш, мемлекеттік қызметшілердің нәтижеліліктерін тұрақты бағалап, бонустар төлеп отыруды енгізу тақырыптары әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту,  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң әзірлеу және мемқызметшілерге аттестаттау жүргізу жайында пікірлер айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: