Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды
Қала әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №1227 өкімімен Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Әділбек Бөрібайұлы, 1976 жылы 27 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Тарихшы - архивтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда облыстық мұрағаттар басқармасында жетекші маман қызметінен бастаған.
2002 – 2009 жылдары қала әкімі аппаратында бас маман, бөлім басшысы, №178 орта мектеп директоры, Талсуат ауылдық округінің әкімі;
2009 – 2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;
2013 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.