Қала әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №1226 өкімімен Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы Қызылорда қаласы әкімінің қаржы және экономика салалары жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Нұрғали Рахымшаұлы, 1976 жылы 27 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Қызылорда политехникалық институтын, 2013 жылы Қорқыт Ата мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік-экономист, заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ-да бухгалтер қызметінен бастаған.
1999 - 2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде инспектор, жетекші маман, бас маман, басқарма бастығы, департамент басшысының орынбасары;
2014 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Нұрғали Рахымшаұлы, экономиканың «ерекше кезеңі» жағдайында, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсау және мерзімінде игеру, салық базасын ұлғайту мәселелері бойынша жетекшілік жасайтын болады.