Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен күдікті А.Е.-ны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданылды.
2015 жылдың шілде айының 31 күні, сағат 22:00 шамасында К.К.-мен Т.Е. үшеуі спирттік ішімдік ішкен. Ары қарай А.Е. мен К.К. араларында жанжал туындап, А.Е. жәбірленушіні бірнеше мәрте ұрған. Нәтижесінде К.К. ауыр дене жарақатын алып, оқиға болған жерде қайтыс болған. Сотталушы А.Е. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан іс-әрекетті, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.