Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлікті мас күйінде басқарған 943 азамат жауапкершілікке тартылды

Көлікті мас күйінде басқарған 943 азамат жауапкершілікке тартылдыЖыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен көлікті мас күйінде басқарған 875 адам әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы) және сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген 68 азамат қылмыстық жауапкершілікке (Қылмыстық кодексінің 346-бабы) тартылды. 68 қылмыстық істің  59-ы – сотқа жолданса, 9-ы – өндірісте. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 23.00 шамасында «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігі Арал ауданы, орталық теміржол өткеліне жетпей, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлік жүргізушісі медициналық тексеріске жіберіліп, қорытындысы бойынша «орта дәрежелі» алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды. Тексеріс барысында, аталған жүргізушінің 2014 жылдың 24 желтоқсанынан бастап көлік құралын жүргізу құқығынан айрылғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізуде.
Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да орын алған. Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі бойында қызмет атқарып жатырған жол-патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған «ВАЗ-290511141» маркалы автокөлігін тоқтады. Құжаттарын тексеру барысында, 1976 жылы туылған жүргізушінің 2015 жылдың 27 қаңтар айында Жалағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Автокөлік жүргізушісі медициналық тексеріске жіберіліп, нәтижесінде масаңдық дәрежесі 1.09 пайызды құрайтындығы белгілі болды.
Сонымен қатар, 11 тамыз күні сағат 19.30 шамасында Шиелі ауданы тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп бара жатып, Шиелі кенті, «Шымкент-Самара» тас жолының бойында патрульдік бақылау жасап жүрген полиция қызметкерінің көзіне түседі. Құжаттарын тексеру барысында, «ВАЗ-2106» автокөлік жүргізушісінің 2 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды. 
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де заң талаптарын бұзған азаматтардың кінәсі дәләлденген жағдайда, сот шешімімен белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (991000 теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Атап өтерлік жайт, бұрын көлікті басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 467-баптары бойынша жазаға тартылатын. 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап мас күйінде көлік жүргізу қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Яғни, мас күйінде көлік жүргізу әкімшілік жауапкершілік сатысынан қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: