Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа экономикалық саясат мәселесі талқыланды

Жаңа экономикалық саясат мәселесі талқыландыБүгін "Жаңа экономикалық саясат- жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы ғимаратында ҮЕҰ, саяси партия, ҚБ, жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. 
Аудан әкімі Руслан Рүстемов модераторлық жасаған жиынның басты мақсаты – әлемдік экономикадағы күрделі ахуалды, яғни қазіргі қалыптасқан қоғамдық саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту. 
Аталған мәселе бойынша алғашқы кезекте аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Әсенов хабарлама жасап, ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық даму бағыттарында қаншалықты жұмыстар жоспарланып, атқарылып жатқандығы жөнінде баяндады. Мұнан кейін бүгінгі күнгі доллар бағамының халықтық банкке әсері, несие алу мен төлемдердегі пайыздық артықшылық жөнінде "Халық банктің" Жаңақорған аудандық филиалының директоры Е.Еркешов сөз етті. Сондай ақ Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы, бірнеше жылдар бойы аудан экономикасы мен қаржы, ауылшаруашылығы саласында басшылық қызметте болған М.Мұзарап аталмыш мәселе бойынша өз пікірін білдіріп, тәжірибесімен бөлісті. Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы Руслан Рүстемұлы: " жаңа экономика жүйесіне көшу барысында қарапайым халықтың күнделікті тұрмысына қажетті тауарлардың бағасы қатаң бақылауда болады. Әйтсе де алып сатарлардың пайда табу жолында бағаға өзгерістер жасауы мүмкін. Дегенмен оның өзі бақылауда болады. Қиыншылықтар болары сөзсіз. Бірақ, алдағы жақсы күндерге жету үшін Елбасымыздың төңірегіне топтасып, бәсекелестікті нығайтып, жаңа реформалардың жүзеге асуына атсалысуымыз керек",- деп атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: