Заңсыз еңбек етіп жүрген шетел азаматтары анықталды
Жаңақорған аудандық прокуратурасымен аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамалық актілерінің талаптарының сақталуына прокурорлық қадағалау жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабаралуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген, көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидасына сәйкес, уәкілетті орган берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейтіндігі көрсетілген.
Алайда, 08.09.2015 жылы рейдтік тексеру жүргізу барысында Жаңақорған кентінде құрылыс жұмыстарымен жоғарыда аталған Өзбекстан Республикасының 10 азаматы заңсыз еңбек етіп жүргендері анықталды.
Аудандық прокуратурамен аудандық ішкі істер бөліміне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау нәтижесімен, аталған 10 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аудандық сотпен 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.