Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қариялар «Қара жорғаны» биледі (ВИДЕО)

Қызылордада қариялар «Қара жорғаны» биледі (ВИДЕО)Қызылордалық қариялар, көңілді де сергек болуға шақырады. «Әсіресе зейнет жасына шыққандарға салауатты өмір салтын ұстану абзал» деген кеңеспен бөлісті. 
Қаладағы «Ардагерлер үйіне» жиналғандар бірге ән айтып, би билеп, спорт, қолөнермен айналысады. Олар әсіресе қазақтың «Қара жорға» биінің денсаулық үшін пайдасы бар деп отыр. Аймақтағы әріптесім Шарипа Сақтапова қам көңіл жандардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. 
«Ардагерлер үйінің» тұрғындары әрбір таңды осылай атыруды әдетке айналдырыпты. Олар таңғы жаттығудын орнына - буын биін тәуір көреді. Айтуларынша, бұл би күні бойына қажетті қуат пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 
Ақайна Ізмағамбетова, зейнеткер: 
Себебі денеміздің барлығы, мүшеміздің барлығы қозғалады әрі бүкіл денсаулыққа пайдалы деп білемін. Өйткені азаннан кешке дейін өзіңді сергек санайсың. Біздің күніміз танертең жорғамен басталады. 
Ал көпшілікті ширатып алуға қазіргі әйгілі әндер қойылады екен. Оған енжар адамдардың өзі билеп кетті. Биден соң аз-кем тынығып, қарттар спорт залына бет алды. 
Тұрмағамбет Исабеков, зейнеткер: 
Спорт пен еңбек қатар жүрген нәрсе ғой. Халық арасында, ел арасында сыйласа білу керек. Үлкенге, кішіге ілтипатты болу керек. Сонда ғана өмірің қызықты өтеді. 
Ал әжелер жағы жан жарасын емдеуге қол өнерін таңдапты. Олар әртүрлі бұйымдар тоқиды, тігеді. Десе де, әннен де құр алақан емес екен. Ардагерлер үйінде құрылған «Әжелер ансамблі» бүгінде үлкен сахналарды бағындыруға талаптанып жүр. 
Балбөпе Баймағамбетова, «Нұрбибі» әжелер ансамблінің жетекшісі: 
Профессионал әншілер сияқты, ансамбль сияқты біздің де үлкен аренаға шыққымыз келеді. Бізді қолдаушылар болатын болса, бізде сахнаны бағындырғымыз келеді биіктен. Бүкіл қарттарға, бүкіл әжелерге, аталарға айтатыным: ешқашанда көңілдері қартаймасын. 
Мұндағы жандары жайсаң қарттардың тағдыры әрқилы. Дегенмен, олардың өмірден алған тәжірбиелері мол. Ертеңгі күнге деген сенімдері биік. Олар әрбір атқан таңға шүкіршілік айтып, айналасына жақсылық пен береке сыйлауға тырысады. Жалпы, кала бойынша 23 мың қария бар, ал «Ардагерлер үйіне» тіркелгендері 500. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: