Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

 

Өткен жылы «Нұр жол» бағдарламасы шеңберінде ауыз су жүйелерін жаңғыртуға арналған 5 жобаның құрылысы басталды. Биыл Сексеуіл, Әйтеке би, Жосалы мен Тасбөгет кентінде су жүйелерін жаңартылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша аталған бағдарлама аясында 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2018 жылы 136 шақырым ауыз су құбырлары жаңғыртылатын болады. Сонымен қатар, Еуропалық жаңғырту және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының сумен қамту жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы аясында қаланың ауыз су және кәріз жүйелірінің электронды картасы әзірленіп, биллинг жүйесін енгізу жұмыстары жасалуда. 
Елбасының тапсырысына сәйкес, орталықтандырылған ауыз суға қосылған ауылдық елді мекендер санын 80 пайызы жеткізу межеленген. Осы ретте аймақтағы 261 ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл ауылдық елді мекендердің 74 пайызын құрайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: