Шиелі ауданы әкімінің ұйытқы болуымен тұрмысы төмен отбасылардың әлеуетін көтеру ауқмды істер атқарылуда.
Аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер мен іргелі өндіріс мекемелері өз қаражаты есебінен тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуде. Шиелі кентінің теріскей бетінде орналасқан Д. Нүрпейсова көшесінің тұрғыны көп балалы ана Әлменова Сапураға әлеуметтік көмек көрсетілді. Аталмыш отбасыға «Волковгеология» АҚ-ның «№23 Геологиялық барлау экспедициясы» филиалы қолдау көрсетіп отын көмір түсіріп берді. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келе жатқан аталмыш өндірістік мекемеде мұндай қайырымдылық іс үрдіске айналған.