Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жылды табысты қорытындылауда. Палата заңгерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында 190 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кәсіпкерлердің 1 млрд.50 млн.теңгесін сақтап қала алды. 
Жыл басында барлық ауданда ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 7157 кәсіпкерге 15156 қызмет көрсетті. Сонымен бірге, кеңесшілердің сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 млн.теңге болатын 117 жоба қаржыландырылды.    
Осы ретте, жыл көлемінде атқарған жұмыстардың қорытындысымен Өңірлік кеңестің бірқатар мүшелері мен Палата қызметкерлері түрлі деңгейде марапатталды.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Өңірлік кеңес мүшесі Қанағат Сақтағанов пен Шиелі аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Патима Маханбет мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
- елімізде кәсіпкерлік қауымдастықтың беделін арттыруға белсенді атсалысқан үшін Өңірлік кеңес мүшесі Ғалымбек Жақсылықов пен Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы жанат Матерзаева «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатымен»;
- өңірде адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанна Сқакова ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың «Алғыс хатымен»;
- аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін аймақтың бірқатар кәсіпкерлері мен Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Алмат Тоқтаров, баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен, Палатаның Қармақшы ауданындағы филиалының директоры Жамбыл Жұмабаев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Алғыс хатымен»;
- Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет Өңірлік кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының бірлескен «Құрмет грамотасымен» Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ирина Ким мен кеңесшісі Айгерім Бектемісова марапатталды.
Мұнан өзге, палата қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарлары мен қала әкімінің және Кәсіпкерлер палатасы директорының марапаттарына да ие болды.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: