Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІАрал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет өткеру тәртіптерінің негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме беру тақырыбында өтетін оқыту-семинар өтті. 
Оқыту-семинарға мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет өткеру тәртіптерінің негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме беру және жаңадан қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру, насихаттау, оны жан-жақты жеткізу мақсатында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп кеңесі хатшылығының меңгерушісі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы және осы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Жулекешов Әділхан Оңдасынұлы келді. Алдымен арнайы келген мамандар күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Және қосымша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрмұхамет Бохаев баяндама жасады. Оқыту-семинары соңында мамандарға сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: