Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІР АПТА ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

БІР АПТА ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ«Aladian Technic» ЖШС басшыларынан «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің диспетчерлік қызметіне хабар түскен. 
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыны4 хабарлауынша, онда Қызылорда-Жезқазған тас жолының 235 шақырымы, Құмкөлге қарай 30 шақырым жерде мекеменің УАЗ автокөлігі 4 адаммен батып қалып және МГ-718 «Semser» күзетшілері 6 адам жол қатынасы болмағандықтан, 1 апта сусыз, азық-түліксіз қалғаны жөнінде айтылған. 
Хабар түсісімен  құтқарушылар тез арада жиналып жол тандамайтын «ТРЭКОЛ» және Камаз автокөлігімен төтенше жағдай орнына барды. Зардап шегушілерді сумен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, барлығы 10 адамды қауіпсіз жерге  аман-есен жеткізді. Құтқару жұмыстары барлығы 30 сағатқа жалғасты. Себебі МГ-718 тұрағына тас жолдан бастап жол болмай еріген кардың суы  коп кедергі туғызған. Құтқарылған адамдар  құтқарушыларға шексіз ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: