Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ Бүгін Қызылорда қаласында ғасыр жасаған аналарға құрмет көрсетілді. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Қала әкімінің құттықтау лебізін жеткізу мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев ол кісілерге арнайы барды. Қала әкімінің орынбасары 1 наурыз - Алғыс айту күні және көктемнің шуақты да шұғылалы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында жасы 100-ден асқан қала тұрғындары Қоянбаева Рабиға, Аймағамбетова Назира мен Анапияева Малика әжелеріміздің отбасында болып, ғасыр аналарын мерекелерімен құттықтады.
Қарт аналарымызға қала әкімінің арнайы құттықтау хаты мен сыйлықтарын табыстап, иықтарына шапан жауып, екі ғасырдың куәсі атанған алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті.
Бүгінде жасы 104-ке келген Рабиға әжейдің 5 баласы, 7 немересі, 9 шөбересі болса, жасы 100-ге келген Малика әжейдің 9 баласы, 20 немересі, 8 шөбересі, ал Назира әжейдің 3 баласынан тараған 10 немересі, 15 шөбересі, 1 шөпшегі бар. Өз кезегінде, ғасыр жасаған Әжелеріміз ұрпағының көрсетіп жатқан құрметіне алғысын білдіріп, өздері секілді 100 жасауды тілеп, ақ баталарын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: